Өңірлер

Синоптиктер биылғы жаз қандай болатынын айтты

© Sputnik / Лев Устинов / Медиабанкке өтуГүлдер
Гүлдер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК болжамына сүйенсек, жаздың бірінші және екінші айында күн салқын және жаңбырлы болады

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. ҚР энергетика министрлігі "Қазгидромет" РМК гидрометорталығының директоры Марина Шмидт 2018 жылдың жартыжылдығындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қар аралас жаңбыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің барлық өңірінде алдағы үш күнге дабылды ескерту жарияланды

Шмидтің айтуынша, маусым және шілде айларында күн салқын және жаңбырды болады, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын нормадан аз түседі деп болжануда. 

"Тамыз айында еліміздің басым аумағында ауа температурасы қалыпты норма шамасында болады. Ал республиканың батысында күн ыстық, температура нормадан 1..2 градусқа жоғары болады. Жаздың үшінші айында жауын-шашын нормадан аз, тек Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, Алматы облысының таулы аудандарында норма шамасында болады деп болжанып отыр", — деді Шмидт.

Жаңалықтар
0