Қоғам

Еліміздің барлық өңірінде алдағы үш күнге дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владимир Семенюк / Медиабанкке өтуҚар аралас жаңбыр, архивтегі фото
Қар аралас жаңбыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 наурызда Ақмола облысы мен Астанада ауа райы күрт бұзылады деп болжануда

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Қазақстан бойынша алдағы үш күнге дабылды ескерту жарияланды. 

ТЖК мамандары тұрғындарды көшіріп жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің шығысында дабылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 19 наурызда күндіз Ақмола облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінді 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Астана қаласында 19 наурызда күндіз және таңертең жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз және таңертең күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

19-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен ауа температурасының жылынуына байланысты қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

19-20 наурызда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) мен ауа температурасының жылынуына байланысты қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

19-21 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндізгі ауа температурасы біртіндеп жылынып, жауын-шашын түсуіне байланысты (көбіне жаңбыр), мұздықтар әлсіреп, су өзен алқаптарына шығып кетуі ықтимал, жергілікті және беткейлі ағын қалыптасып, су деңгейі көтеріледі деп болжануда.

бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
19-21 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын-шашын салдарынан (көбіне жаңбыр), су деңгейі көтеріліп, жайылмалы жерлерге су шығып кетуі мүмкін.

19-21 наурызда Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашыннан (кей жерлерде) су деңгейі көтеріледі деп болжануда.


Жаңалықтар
0