Қоғам

Еліміздің шығысында дабылды ескерту жарияланды

© Photo : ДЧС Карагандинской областиТЖК мамандары тұрғындарды көшіріп жатыр, архивтегі фото
ТЖК мамандары тұрғындарды көшіріп жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстанда 18-19 наурыз күндері су деңгейі көтерілуі мүмкін

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" Шығыс Қазақстан  облысында ауа температурасы жоғарылап,  жауын-шашын түсуіне байланысты дабылды ескерту жариялады.  

 

Бәйшешек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
"18-19 наурыз аралығында  Шығыс Қазақстан  облысының аласа таулы аймағында ауа температурасы жоғарылап,  жауын-шашын түседі деп болжануына байланысты жергілікті және беткейлік ағын пайда болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін", — деп жазылған ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.  

Ал бүгін синоптиктердің болжауынша атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде  ауа-райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жауын жауады. Тек республиканың оңтүстігінде күн ашық. Кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақболады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.   


Жаңалықтар
0