Қоғам

Елорда балабақшасында бүлдіршіндер жедел ішек инфекциясын жұқтырған

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуБалабақша
Балабақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана әкімдігі инфекцияның балабақшаға қалай тап болғанын түсіндірген жоқ

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Астананың №36 балабақшасының шәкірттері жедел ішек инфекциясына шалдыққан соң, әкімдік тексеру жүргізіп, нәтижесін хабарлады, деп жазады "Астана" арнасы.

Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда балабақша медбикесінің туберкулезге шалдыққаны анықталды

Білім басқармасы хабарлағандай, 18 адамның инфекция жұқтырғаны анықталған, олардың екеуі – ересек адамдар, қалғандары – бүлдіршіндер. Жұқпалы дерттің қалайша тарағанын әкімдік түсіндірген жоқ, ал балабақша жұмысын қайта жалғастыра бастады.

"СЭС біршама жұмыс атқарып, бүкіл қызметкерден талдау алды, лабораториялық зерттеулер жүргізілді. Жұмыс нәтижесі көрсеткендей, инфекцияның бар екені расталды, бірақ оның қалай тарағанын құзырлы органдар түсіндіргені жөн. Қазір 18 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі, екі ересек адам мен 16 бала", — деп мәлімет берді Астана білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшысы Ләззат Разбекова.

Айта кетсек, ақпан айының басында №36 балабақшаның тәрбиешісі мен он баланың белгісіз инфекция жұқтырғаны анықталған болатын. 5 жасар бүлдіршіндер тәулік ішінде құсып, ыстығы көтеріліп, іші өткен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, сараптама жүргізіліп, азық-түлік блогы тексерілді.

Жаңалықтар
0