Өңірлер

Оралда балабақша медбикесінің туберкулезге шалдыққаны анықталды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуДәрігер
Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір медбике емделіп жүр, ал балабақша бұрынғы тәртіппен жұмыс істеуде

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik.Оралда балабақшада жұмыс істейтін медбикенің туберкулезбен ауыратыны белгілі болды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Рентген - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талғарда бастауыш сынып мұғалімінің туберкулезбен ауыратыны белгілі болды

"Ақжайық" балабақшасының директоры Жанаргүл Нағимова айтқандай, медбике 27 қыркүйекте жұмысқа шықпаған, қазір емделіп жатыр.

"Бізге 2014 жылы жұмысқа тұрған болатын. Қызметкерлеріміз жылына бір рет медициналық тексеруден өтеді, ал медициналық қызметкерлер – екі рет. Бірақ флюорографияға жылына бір рет түседі. Медбике 2017 жылы 16 наурызда түскен, ол кезде ештеңе анықталмаған болатын", — дейді директор.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, медициналық қызметкер онкология ауруы белгілерімен емделуге жіберілді.

"Медбикенің қос өкпесі инфильтративті туберкулезге шалдыққаны белгілі болды. СЭС қызметшілері балабақшаны тексеріп, 21 қарашадан бастап екпе жасалатын балалардың тізімін жасады", — деп түсіндірді ведомство.

Балабақша бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп тұр екен. Оған 316 бала барады, олардың 175-іне екпе жасалмақ.

Жаңалықтар
0