Саясат

Астанада төрт президент қандай келісімге келді?

© AP Photo / Philippe WojazerКелісім
Келісім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Астанада Орталық Азия елдері көшбасшыларының кездесуі өтті

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тараптардың қандай келісімдерге қол жеткізгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Көрші елдердің басшылары Назарбаевтан мақтау сөз естіді

Бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттерінің консультативтік жұмыс кездесуі өтті. Ал Түрікменстаннан меджіліс төрайымы Акджа Нұрбердыева қатысты. 

"Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі өте сәтті өтті. Біз осындай құраммен шамамен10 жыл бойы кездескен жоқпыз. Өзекті өңірлік және халықаралық күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша конструктивті түрде пікір алмастық", — деді кездесуден кейін БАҚ өкілдері үшін өткен брифингте мемлекет басшысы.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бес мемлекеттің қандай келісімге келгенін айтты.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: өз ішіміздегі мәселелерді шешу үшін 5 мемлекеттің басшысы кездесіп отырмыз

"Біріншіден, елдеріміздің арасындағы өзара сауда-саттықтағы тауарлар тізімін кеңейту көзделіп отыр. Мысалы, біз көрші елдерден әкелмей, тауарды басқа жақтан тасып жүрміз. Олар да бізден алмайды. Айталық, Тәжікстанда гидроэлектр станциясының құрылысына қажет металл Қарағанды металлургия комбинатында шығарылады. Ал олар оны Еуропадан тасиды. Осының бәрін қарап, есеп жүргіздік. Қазір Өзбекстанда, Тәжікстанда жеміс-жидек пісіп тұр. Ал біз бәрібір құлпынайды Израильдан әкелеміз. Бұл оңай мәселе емес. Сонау алыстан тасудың пайдасын көріп жүрген шенеуніктермен жұмыс істеу керек. Осы жөнінде сөйлестік. Біздің елдеріміздің арасындағы экспорттық-импорттық мәселелерді жан-жақты талқыладық", — деді Назарбаев. 

Бұдан бөлек, инвестиция, инновация, тарифтік саясат мәселелері сөз болған. Көлік-коммуникация саласы да назардан тыс қалған жоқ. 

"Мәдени-гуманитарлық байланысқа өте үлкен көңіл бөлдік. Осы бағыттағы ынтымақтастығымызды әрі қарай дамытуымыз керек. Бұл сала кеңес одағы кезінен тұралап қалды. Оны қайта жандандыру қажет. Орталық Азияның мәдениет фестивальдері, спорттық жарыстар, студенттермен алмасу, туризмді дамыту секілді мәселелерді талқыладық", — деді Елбасы. 

"Ең басты мәселе – су мәселесі. Біздің мемлекеттер Әмудария мен Сырдария екі үлкен өзенінің суын пайдаланып отыр. Бұл орайда саяси саудаластық болмауы тиіс деп шештік. Біз бүкіл мәселені бірлесе шешуіміз керек", — деп тоқталды президент.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Астанадағы президенттердің кездесуі туралы: бұл жиынның саяси астары жоқ

Осы келісімдердің бәрін іске асыру үшін бес елдің вице-премьерлері деңгейінде жұмыс комиссиясы құрылады. 

Келесі кездесу 2019 жылы Ташкентте Наурыз мейрамы қарсаңында өтеді.

"Әр елдің астанасында кездесіп тұрамыз деп келістік. Наурыз — біздің ортақ мейрамымыз. Бір-бірімізді құттықтап, бауырлас елдердің достығын бекем ете түсеміз деген сенімдеміз", — деп қорытты сөзін Елбасы.

Жаңалықтар
0