Саясат

Елбасы Астанадағы президенттердің кездесуі туралы: бұл жиынның саяси астары жоқ

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі өтеді

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Ақордада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Орталық Азия елдері басшылары кездесуінің саяси астары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазақстанға қош келдіңіз. Сізді сағындық. Көп шаруалар жасап жатырсыз. Бүкіл көрші елге барып шықтыңыз. Барлығын түзеп жатырсыз", — деді Елбасы Өзбекстанның президентіне. 

"Сіздің президент болып келгеніңізге бір жыл ғана болды. Осы уақытта бірнеше рет кездестік. Арамызда айтылған барлық мәселе шешіліп, қойған міндеттер орындалып жатыр. Осы бір жылда сіз өте ауқымды жұмыс атқардыңыз. Көрші елдермен қарым-қатынасты жақсартып,  шекара, өзара қатынас, хабар алмасу, сауда-саттық салаларындағы ондаған жылдан бері шешілмей жатқан мәселелерді шештіңіз. Жалпы, барлық дүние басқаша, көңіл-күй де өзгеше", — деді Назарбаев.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: өз ішіміздегі мәселелерді шешу үшін 5 мемлекеттің басшысы кездесіп отырмыз

Елбасы Мирзиеевтің Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуін өткізу туралы идеясына қолдау танытқанын атап өтті.  

"Құдай қаласа, бүгін бүкіл әріптестерімізбен, бауырларымызбен кездесіп жатырмыз. Бізде басқа мақсат жоқ, бұл кездесудің саяси мән-мағынасы жоқ. Бұл кездесу көрші елдердің арасындағы түрлі саладағы мәселелерді шешуді көздейді", — деді президент. 

Айта кетейік, бүгін Астанада Орталық Азиядағы мемлекеттер – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан көшбасшыларының консультативтік жұмыс кездесуі өтеді. Түрікменстаннан меджіліс төрайымы Акджа Нұрбердыева қатысады.

Жаңалықтар
0