АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Павлодар облысында 50 жастағы әйелді қағып кетіп, кейін оны өз көлігімен қоса суға батырып жіберген жігіт сотталды. Евгений Комаров қылмысын осылайша жасырмақ болған, деп хабарлады КТК.
Кейін мұнда жаяу оралған жігіт ес-түссіз жатқан марқұмды сүйреп, көлігіне тиеп алған. Ес жимаған әйелді өлдіге санаған ол қылмыс айғағы – адам денесінен құтылуды ұйғарыпты. Сөйтіп, көлігін Ертіске батырып жібереді. Көп ұзамай полицияға бәрін өзі жайып салған Комаров кінәсін толық мойындаған. Ал арнайы сараптама арқылы жол көлік оқиғасынан бас-дене жарақаттарын алып, талып қалған әйелдің өзен суынан тұншығып өлгені анықталды.
Марқұмның өзі мұнда құрбысына қонаққа келген екен. Ал сотталушымен өзара мәмілеге келген оның жалғыз ұлы оны толық кешіргенін жеткізді. Осыны ескерген болуы керек, сот қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша айыпталған Комаровты бір жарым жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жазаны ол қоныс колониясында өтеуі тиіс.