Өңірлер

Алматыда адам қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

© SputnikЖүргізуші адам қағып өлтірді
Жүргізуші адам қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, дәрігерлер келгенше көз жұмды

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында жас жігітті көлік қағып өлтірді. 

 Куәгерлердің айтуынша, зардап шегуші түнде жолды кесіп өте бергенде белгісіз автокөлік қағып кеткен. 1996 жылы туған жігіт жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды.     

Полицейлер оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр. Мән-жайды анықтаумен жол және криминальды полиция қызметкерлері айналысуда.   


Жаңалықтар
0