Өңірлер

"Шалбарынан әшуін шығарды". Сарыағаштағы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

CC0 / / Баланың сұлбасы, архивтегі фото
Баланың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
7 жасар баланы зорлады делінген оқушылар жақын маңда тұратын 4 жеткіншек екен

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстанда бала зорланды деген хабар күнгей жұртшылығын ғана емес, бүкіл елді дүрліктірді. Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын Нұрсұлтан Байдәулетовті өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдаған. Істің жүруіне аудандағы білім саласының басшылары мен құзырлы органдар барынша қарсылық танытып жатқан көрінеді, деп хабарлайды КТК

Бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да оқушыны зорлау оқиғасының анық-қанығы белгілі болды
Ал, шенеуніктер мен зорлады деген балалардың ата-аналары бұл қып-қызыл жала деп отыр. 7 жасар Нұрсұлтан бір айдан бері мектепке барудан қалған. Әжесімен бірге тұратын ол үйінде дайындалады. Мектеп түгілі көшеге шығуға қорқатын ол өзінен ересек оқушылардан қаймығып қалған. Немересімен тұратын Шәрипа Батырбекова былтыр жаздың соңынан бастап Нұрсұлтан күнара таяқ жеп, тіпті жүруге ауырсынып келетінін айтады. Не болғанын сұраған кезде баланың айтқанынан есінен тана жаздапты.

"Бала жылап келеді. Үсті-басы кір болады. Аяғы, басы ауырады. Мұрнынан қан ағады. Жаңағы жаман үйдің алдында шалбарын шешіп, әпшуін шығарып, тықты деді. Аузын скотчтап тастағандықтан жылай алмаған. Ұйқысы нашар. Түнімен аласырайды. Сөйлейді, бақырады", — дейді Нұрсұлтанның әжесі Шәрипа Батырбекова.

7 жасар баланы зорлады делінген жақын маңда тұратын 7 және 8-ші сыныпта оқитын 4 жеткіншек екен. Сәті келсе тасаға апарып ойына келгенін істейді деген оны соңғы мәрте қаңтар айында зорлапты. Тамыздан бастап жазған арызын тек қаңтарда тіркеген полицейлер білім бөлімімен қосылып, жәбір көргендерді қыспаққа алыпты. Сот-медициналық сараптаманы да бірден тағайындамай жүріп алған. Ал Нұрсұлтанның өзі бізді бірнеше рет қорланған жеріне алып барды. Тіпті, көрген зорлығының санынан шатысқан. 

"Мектепте, Марленнің үйінде, одан кейін Марленнің дәретханасында. Шалбарымды шешіп, әшуін тықты". 

Ал, зорлады делінгендердің ата-аналары болса ұлдарына шаң жуытпайды. Нұрсұлтанның сөзін баланың сандырағына санаған олар оған базбіреулер қасақана осылай айтқызып жатыр дейді. Өз балаларымен осы жағдай бойынша талай мәрте сөйлескен, тіпті, полицейлер де тергеуге сан мәрте сүйрепті. Жаладан әбден мезі болғанын айтқан әйелдер енді Нұрсұлтанның әжесін сотқа бермекші. 

 Ал мектеп басшылары "зорлықшыл" деген оқушылардың тіпті үлгілі екенін айтуда. Оқу үлгерімі орташа болса да тәртібі керемет екен. Мұның бәрі қып-қызыл жала деген директор Нұрсұлтанның денесінен бірде-бір зақым табылмағанын айтады. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Есікті іліп алды". Алматыдағы сұмдықты қыздың өзі айтып берді
Бейбіткүл Селтанова, Жүсіп Баласағұн атындағы мектеп директоры: 

– Дәрігерге алып барғанда денесінен ешнәрсе шықпаған. Қорытынды тұр ғой менде. Облыстың қорытындысы да бар. Ол таза болып шыққан. Бұл кісілер бопсалап отыр. 

– Сіздерді ме? 

– Сондай болуы керек. Басқа себебі жоқ. 

– Ақша үшін бе?  

– Сондай шығар. Басқа не керек? 

 Биліктің сөзіне сенсек бала зорланбаған. Тіпті бұл туралы білім министрінің орынбасары Астанадан сұхбат беріп жатыр. Дегенмен, полицейлер мен білім саласының басшылары істі әдейі жауып отыр деген Нұрсұлтанның туыстары қайта сараптама тағайындатпақ. Сарыағаш пен Шымкентке сенбейміз деген олар енді көршілес Өзбекстанның мамандарына жүгінеміз деп отыр.

Жаңалықтар
0