Өңірлер

"Есікті іліп алды". Алматыдағы сұмдықты қыздың өзі айтып берді

CC0 / / Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш жігіт 15 жасар қызды бірнеше күн бойы ұрып-соғып, зорлаған

АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Алматыда жоғалып, 12 күннен кейін табылған қыз басынан өткен сұмдық жәйтті айтып берді. Есте болса, ақпанның 23 күні колледжден шыққан Әйгерім Рысбек үйіне қайтып оралмаған еді, кейін қызды бауырлары шарқ ұрып іздеп, көптен көмек сұраған.  

15 жастағы қыздың сөзінше, оны үш жігіт зорлап, табылғанға дейін денесіне жарақат салып келіпті. Ал өзегі өксікке толған ана баласын ұрлап әкетіп, зорлық көрсеткендердің неліктен бостандықта жүргенін түсінбейді.

21 жастағы жігіт оқушы қызды қонақ үйге алдап апарып зорлаған - Sputnik Қазақстан
Оқиға
6-сынып оқушысын қонақ үйге апарып, зорлап тастаған ауыл тұрғыны ұсталды
15 жастағы Әйгерім Рысбек 23 ақпан күні ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қыздың сөзінше, ол сабақтан кейін әлеуметтік желіде танысқан жігітпен "Саяхат" автовокзалы маңында кездесіпті. Жаңа досын бір жарым апта ғана таныса да Әйгерім одан еш күдіктенбегенін айтады. Бірақ жігіт қызды кездестіре сала, көлігіне мәжбүрлеп басып алып, мекен-жайы белгісіз бөлмеде зорлаған. Кейін оны басқа екі жігітке тапсырған көрінеді. Қос азамат қыз табылғанға дейін оны тар қапаста ұстап, арам ойларын оңай жүзеге асырып келіпті. Тіпті жиі басынан ұрып, аштан аш ұстаған екен.

"Есікті құлыптап алды. Ол жерде ешкім болған жоқ. Сол сәттен бастап зорлады. Өлтіріп тастай ма деп қатты қорықтым. Мені таксиге отырғызды. Сол таксиде екі бала жанымда отырды. Күнде зорлап, себепсіз ұрып-соқты", — деп болған оқиғаны Әйгерім Рысбек "Алматы" арнасына айтып берді.

Нұрлыхан Рахимова қызының жоғалғаны туралы полицияға хабарлапты. Тек тәртіп сақшылары оны 12 күннен соң тапты, дейді көп балалы ана. Енді неге екені белгісіз қазір Әйгерімді зорлаған үшеу бостандықта жүр екен. Полицейлер бұл сұмдық жәйтке қатысты қылмыстық істің қозғалғаны жөнінде толық ақпарат бермей келеді, дейді ол.

 "Бұл істің қозғалған-қозғалмағанын да, әлгі баланы тергеген-термегенін де білмеймін. Еш хабар жоқ. Бүгін барайын деп едім, сіз келмеңіз" деді. Енді амал жоқ үйде отырмын. Маған әділдік керек. Шындық керек. Басқа ештеңенің керегі жоқ. Қызымды таптаған, қорлаған, қиянат жасаған адамдарды заңға тартсын!", — деді Нұрлыхан Рахимова.

Ал қалалық Ішкі істер басқармасы бұл істің мүлде басқаша өрбігенін айтады. Осы уақытқа дейін отбасынан безіп, құрбыларымен болған дегенді алға тартады. Тіпті "үйінен де өз еркімен кеткені анық" дейді қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ер адам қыздың иығына қолын қойып отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өгей қызын зорлаған павлодарлық сотталды
"Азаматша Рысбек Наурызбай ауданына қарасты Алтын Орда сауда кешенінің маңында бүгін түнде табылған болатын. Анығы керек, біз оны табу үшін, кездесуге шақыру үшін онымен жолдас болып жүрген жігітті жұмылдырған болатынбыз. Өйткені, бұл қыздың байланысқа шығатыны анық. Бойжеткеннің бетімен кетуі бұл бекерден-бекер емес. Яғни, отбасында қандай да бір кикілжің болуы мүмкін. Соны біз міндетті түрде анықтаймыз", — деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Тәртіп сақшылары елімізде соңғы уақытта отбасындағы жанжалдың кесірінен жасөспірімдердің үйден кетіп қалу дерегі жиілегенін айтады. Осыдан кейін, сенімдеріне селкеу түспеген аңғал жастар көп жағдайда зорлық құрбаны болады. Ал Әйгерімге қатысты "қыз зорлау" бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатқанын Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасының тергеушісі телефонмен жеткізді.


Жаңалықтар
0