Өңірлер

Ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жедел қызметкерлерге қарсы қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан олар жұмыстан шеттетілмеген

АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. Павлодар облысындағы Майқайың елді мекенінің үш жедел қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында жұмыссыз жігіт ерлі-зайыпты зейнеткерлерді аяусыз өлтіріп кеткен
Ақпан айының соңында Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Баянауыл ауданы Майқайың елді мекенінде қарт ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікпен 27 жастағы Дархан Дүйсенаев ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.  

Кейінірек Дүйсенаевтың адвокаты Серік Апаханов полицияның үш қызметкері күдіктіге қылмысты күш қолдану арқылы мойындатқанын мәлімдеді.  

Бүгінгі таңда Павлодар облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы жедел қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғаған.  

"Қазіргі сәтте Дархан тергеу абақтысында отыр. Қинауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар үш жедел қызметкер қызметтен шеттетілмеген, жұмысын жалғастырып жатыр", – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Дүйсенаевтың қорғаушысы.


Жаңалықтар
0