Қоғам

Данияр Елеусінов нәзік жандарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

© Photo : Казахстанская федерация боксаБоксшы Данияр Елеусінов
Боксшы Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы әйелдерге отбасында бақыт, әр істе табыс тіледі

АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Көктем шуағы концертіне барды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: әрбір бойжеткеннің ішкі сүзгісі болуы қажет
"Апа-әжелерді, қарындастарымыз бен қыздарымызды 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге тек зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңыздың амандығын тілеймін. Арман-мақсаттарыңыз орындала берсін. Өмір жастарыңыз ұзақ болып, ұл-қыздарыңыздың жақсылығын көруге жеткізсін", — деп ізгі тілегін жеткізді боксшы. 

Осы орайда былғары қолғап шебері өз үйіндегі нәзік жандарды қалай құттықтайтынын айтты. 

"Ұйқыдан тұра салысымен, анамды, апамды, жеңгемді – бәрін бетінен сүйіп құттықтаймын. Күні бұрын дайындаған сыйлығымды, гүл шоғын сыйлаймын. Шамам жеткенше, жақсы сыйлық жасауға тырысамын", — деді ол. 

Айта кетсек, жуырда отандасымыз Boxing Star LLC промоутерлік компаниясымен эксклюзивті келісімшарт бекітіп, кәсіпқой боксқа біржолата бет бұрды. Кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі 28 сәуірде, Нью-Йоркте өтеді деп жоспарланып отыр.


Жаңалықтар
0