Өңірлер

Әскери борышын бірге өтеп жүрген жігітті орындықпен ұрған сарбазға үкім шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСот отырысы
Сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол екінші сарбазды бұдан бұрын болған арадағы кикілжіңге бола соққыға жыққан

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Ақтау гарнизоны әскери сотында жолдас сарбазды орындықпен басынан ұрған әскери қызметкерге үкім шығарылды.

Операция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтауда соққыға жығылған сарбаз есін жиды

Істің материалдары бойынша, былтыр қараша айында қатардағы сарбаз А. кешкі тексеруге дайындалып жатады, ол өз төсегінің қасында тұрған, онымен бірге әскери борышын өтеп жүрген екінші сарбаз қасынан өте беріп ағаш орындықпен басынан бір салады. Содан кейін жұдырығымен басынан бірнеше рет соққы жасаған. 

Соққыға жығылған сарбаз Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізіліп, желтоқсанда ғана есін жинапты. Оқиға бұдан бұрын сарбаздар арасында болған кикілжіңнен болған көрінеді.

Ақтау гарнизоны әскери соты үкімімен Ж. айыпты деп танылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.


Жаңалықтар
0