Қоғам

Елбасы: халықтың алдында басымды иіп, ризашылығымды білдіремін

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің, халқымыздың бірлігін көздің қарашығындай сақтауға шақырды

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзінің жаңа бес әлеуметтік бастамасын жария еткеннен кейін халыққа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде осы қағиданы ұстанып, талай белестерді бағындырып келе жатырмыз. Ал ел бірлігі ең бірінші қазақтың бірлігі деп мен айтып келемін", — деді мемлекет басшысы. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент парламент пен үкіметті не үшін жинағанын айтты
Елбасы жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ, алдымен, қазаққа керек екенін айтты.

"Тарихтың өзі дәлелдеген бір ақиқат бар. Халқымыздың бірлігі берік болған кезде күшейген, бірлігі қашқанда әлсіреген. Өткеннің өнегесі бүгінгі күннің баға жетпес байлығы болып саналады. Осыны жадында тұтып, тарихтан тағылым ала білген халқымыз тәуелсіздік дәуірінде татулық пен бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында талай табыстарға кенелуде. Мен де талмай осыны айтып келе жатырмын. Халыққа ризамын, бірлігін шашыратпай, бірге болып, жүргізген сясатты бірдей қолдап келе жатыр. Осындай халықтың алдында басымды иіп, ризашылығымды әр уақытта білдіремін", — деді президент. 

"Табысымызды еселеп, тәуелсіздігімізді баянды ете түсу үшін бізге балталаса да, бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек. Берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай алсақ, мерекелі тірлігімізге төнетін қауіп жоқ", — деп тағы да шегелеп айтты Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңалықтар
0