Өңірлер

Өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған ер адам заңсыз ақша алған

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҰҚК жалған қызметкері Өскемен тұрғынына жемқорлық үшін сотталған ұлын босатуға көмектесуге уәде берген

АСТАНА, 5 наурыз— Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ер адам өзін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырып, заңсыз ақша алған.  

Өткен жылдың желтоқсанында ұлы сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталған Өскемен тұрғыны жалған қызметкерден зардап шекті.  

Фемида - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Түркістанның бас судьясы алаяқтық жасағаны үшін сотталды
" А.деген азамат зардап шегушінің ұялы телефонына хабарласып, өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырған. Оған қылмыстық іс құжаттарымен танысқанын, жәбірленушінің баласының кінәлі емес екеніне сенімді болғандықтан, оны ақтау және бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға көмектескісі келетінін, ол үшін оған 210 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат қажет екенін айтқан", —  деп хабарлады Катонқарағай №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.

Жәбірленуші ұлына көмектесткісі келіп, азамат А.-ға сеніп, жоғарыда аталған соманы берген. А. жәбірленушіні  алдау арқылы бірнеше рет ақшалай қаражат алған.

Сот мәжілісінде сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен А. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл жеті ай мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтар
0