Өңірлер

Павлодарда оқушылар мектепке саусақ ізі арқылы кіреді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саусақ ізі арқылы оқушының кім екенін анықтау жүйесі әзірше бір мектепте ғана орнатылған

АСТАНА, 3 наурыз  — Sputnik. Павлодарда оқушылар мектеп кіру немесе түскі астың ақысын төлеу үшін саусақ ізін пайдаланатын болды. Сол үшін "Smart Павлодар" қосымшасы әзірленіп, әкімге таныстырылды.

Партада отырған оқушы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде мектепте қағаз журналдарды пайдалануға тыйым салынады

Бұл жаңа жүйе №37 мектепте сынақтан өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Мыңдаған оқушы мен мектеп қызметкерлерінің саусақ ізі деректер базасына енгізіледі. Кіреберісте орнатылған электронды турникеттер адамның кім екенін анықтайды. Қосымшаны жасап шығарушылардың айтуынша, бөтен адамдар жүйені алдап, ғимаратқа кіре алмайды.

Бұдан бөлек, оқушы саусақ ізі арқылы түскі астың ақысын төлей алады. Бала саусағын тигізсе болды, ата-анасы алдын ала толтырып қойған баланстан тиісті сома шегерілмек. Үлкендер бұл операцияның бәрін қосымша арқылы бақылап отыра алады, оны Play Market мен App Store арқылы жүктеуге болады.

Павлодар әкімі Нұржан Әшімбаевтің сөзіне сүйенсек, мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі аясында жаңа оқу жылында бұл жүйені бүкіл мектеп пен балабақшаға енгізу мәселесі қарастырылмақ. Бір мектепте осы жүйені орнату үшін қала бюджетінен 3 миллион теңге жұмсалған.

Жаңалықтар
0