Қоғам

Елімізде мектепте қағаз журналдарды пайдалануға тыйым салынады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПартада отырған оқушы
Партада отырған оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектептерде тек электронды журналдар пайдаланылатын болады

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Электронды журналдарды енгізген мектептерге қағаз журналдарды пайдалануға тыйым салынады, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сенат төрағасы білім саласындағы үздіксіз реформаларды тоқтата тұруды ұсынды

Министрдің айтуынша, орта білім беруде оқу процесін автоматтандыру мақсатында электронды журналдар енгізіліп жатыр. Бұл жүйеде төрт мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. 

"Барлығы мемлекет үшін тегін. Электронды журналдарды енгізген мектептерде қағаз журналдарды пайдалануға шек қоюды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз —қайталауды тоқтату және есеп беруді қысқарту", — деді Сағадиев электронды білім беру мәселесі қаралған үкімет отырысында. 

Балалардың жеке мәліметтерін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ұлттық компаниясы сақтайды.

Жаңалықтар
0