Қоғам

Бишімбаевтың соңғы сөзі: Елбасы мен халықтан кешірім сұраймын

© Sputnik / Болат ШайхиновҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қуандық Бишімбаев кінәсіз екенін айтып, қарама-қайшы деректерге бола жала жабылып отырғанын мәлімдеді

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта сөйлеген соңғы сөзінде пара алып, қылмыстық схема құрмағанын айтып, мемлекет басшысының сенімін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады. 

"Елбасыдан сенімін ақтамағаным үшін, заңсыз әрекеттерге араласқан адамдарды айналама жинағаным үшін кешірім сұрағым келеді. Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы халқына айтарым, мен бір миллиард теңгеден астам қаражат қымқырған жоқпын. Ешкім жымқырған жоқ", — деді Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде.

Ол шыны зауыты құрылысы үшін пара алмағанын тағы бір мәрте айтып, ешқандай дәлел жоқ екенін, қарама-қайшы деректерге бола жала жабылғанын алға тартты.

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адвокат: Бишімбаев тергеу изоляторында жанжалдасып қалды

"Ұялатындай ештеңем жоқ. Тапсырманы орындау үшін қызмет еттім. Шыны жобасы туралы айтар болсақ, Қазақстанда сонау 2006 жылы зауыт салуға талпыныс жасалып, ештеңе шықпаған. Енді міне, ұзақ жылдардан кейін инвесторлар табылды. Құрылысты бастап едік, көптеген арам ниетті адам пайда болды. Бұл құрылысты бастағанымызға ешкім сенбеді… Мұратхан Тоқмәди біздің жобаны, инвесторларды жамандап, жобаның беделін түсіруге тырысты. Бәлкім бәскелестіктен қорықты ма, әлде қаражат қоспай жобаға араласқысы келді ме – білмеймін. Өкінішке орай, көксегеніне жетті. Құрылыс тоқтап қалды, зауыт салынған жоқ", — дейді Бишімбаев.

Судья Әділхан Шайхисламов сотталушылардың бәрін тыңдап, үкім 14 наурызда 15:30-да шығарылатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0