Өңірлер

Интернатта баланың соққыға жығылуы туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Жазылу
НовостиTelegram
Ақтөбеде арнайы интернаттың тәрбиешісі шәкіртін соққыға жыққан

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Жайсаң арнайы білім беру ұйымының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс сотқа берілді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баланың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада зейнеткер баланы ұрып-соққан

Ақыл-есі кем балаға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы құқық қорғаушы, "Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлима Әбдірова Facebook парақшасында жазған болатын. Оның сөзіне сүйенсек, тәрбиеші шәкіртін өлімші етіп сабаған, алайда директор бұл жайтқа көз жұма қарапты.

Ведомство хабарлағандай, құқық қорғаушы Әлима Әбдірованың арнайы интернатта баланың соққыға жығылуы туралы арызы 2018 жылдың 21 ақпанында прокуратураға түскен. Келесі күні Мәртүк АІІБ сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың 15 ақпанында түскі ас кезінде мекеме тәрбиешісі асханада 2003 жылы туған шәкіртін өзге оқушымен төбелескені үшін ұрып жіберген. 

Тергеуді облыс прокуратурасы бақылауына алды.

Мекеме тәрбиешісі – Мәртүк ауданы Жайсаң ауылының 27 жастағы тұрғыны күдікті деп танылды.

Тергеу нәтижесі бойынша, 1 наурызда қылмыстық іс облыстың жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.

Жаңалықтар
0