АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Сот баланың басынан ұрған зейнеткерді жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, зейнеткер үйдің ауласында жасөспірімнің басынан ұрып, зорлық-зомбылық жасаған, бірақ бұл оның денсаулығына зиян тигізбеген.
"Сотта зейнеткер баланы тәрбиелеу мақсатында ұрғанын айтты", — деп жазылған хабарламада.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен зейнеткер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енді.