Өңірлер

Алматы облысында үздік мұғалімдердің бірін баланы ұрып соққаны үшін жұмыстан шығарды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуҰстаз
Ұстаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іле ауданындағы мектептердің бірінің беделді ұстазы қызын ренжіткен баланы ұрып соғып, соған байланысты жұмыстан қуылды

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Алматы облысы Іле ауданының үздік ұстаздарының бірі Мира Мәмедәлиева оқушыны ұрып соққаны үшін жұмыстан шығарылды.

Мәмедәлиева 23 желтоқсанда жетінші сынып оқушысына қол көтерген. Баланы ұрып соққан сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жұртты дүрліктірді.

 

 

Іле ауданы Байсерке аулының №9 мектеп директоры болған оқиғадан кейін ертеңінде Мира Мәмедәлиеваны жұмыстан шығаруға шешім қабылдаған.

"Бұл оқиға 23 желтоқсан күні кешке сабақ кезінде болған. Ол бала Мәмедәлиеваның қызын ұрып жібереді. Ер бала – қызының сыныптасы. Қыз жылап, сыныптан шығып кетеді де, анасына барады. Мәмедәлиева бұл мектепте химия пәнінен сабақ беретін. Ол сыныпқа келіп, нәтижесінде осындай жағдай орын алған. Бұл шешімді өзім қабыладым. Бұл жайлы ертесінде естідім, баланың анасы маған бейнежазбаны көрсетті. Содан соң бірден осындай шешім қабылдадым", — деді директор Sputnik Қазақстан агенттігіне телефон арқылы.

Суд приговорил школьного учителя Юрия Пака к двум годам лишения свободы по обвинению в лжетерроризме в Караганде - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Юрий Пактың оқушылары: өз өмірін өрнек етіп, оқытатын мұғалімдер көп пе?

Оның сөзіне сүйенсек, мұғалім кінәсін толықтай мойындаған екен.

"Мәмедәлиева мектепте баяғыдан бері істеп келеді. Өте жақсы мұғалім, қызметкер ретінде, ұстаз ретінде мықты болатын. Аудан бойынша, химия пәнінің үздік мұғалімі", — дейді мектеп директоры.  

Жаңалықтар
0