Оқиға

Атырауда Қытай азаматтарымен төбелескен күзетшілер кешірім сұрады

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
27 ақпан күні Атырау мұнай өңдеу зауытында күзетшілер мен Қытай азаматтары төбелесіп қалған болатын

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Атырауда зауыт күзетін іске асыратын кәсіпорын қытайлық компаниядан кешірім сұрады, деп хабарлайды АTPress.kz.

Төбелес - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атырау мұнай зауытында Қытай азаматтары күзетшілермен төбелесіп қалды

27 ақпан күні сағат күндізгі он екілер шамасында Атырау мұнай өңдеу зауытының бақылау-өткізу пунктінде жаппай төбелес шықты. Қытайлық субмердігер ұйымның жұмысшылары мен күзет кәсіпорнының қызметкерлері жаға жыртысқан. 

Кәсіпорын таратқан хабарламада айтылғандай, күзетшілер жұмысшыларды ішкі тәртіп ережесімен бекітілген мерзімнен бұрын зауыт аумағынан шығарудан бас тартыпты. Бұған наразылық танытқан қытайлық компанияның жұмысшысы күзетшінің әрекетін ұялы телефонына түсіре бастаған. Күзетші нысан аумағында видео түсіруге тыйым салмақ болғанда, төбелес басталып кеткен. Ішкі қауіпсіздік күштері төбелесті 7 минут ішінде тоқтатты.  

"Осылайша, жанжал шешілді. Зауыт күзетін жүзеге асыратын кәсіпорын қытайлық компаниядан кешірім сұрады", — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Осы келеңсіз жәйттен кейін қытайлық мердігер ұйым мен АМӨЗ мердігер компания жұмысшылары үшін бөлек кіру орнын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген.

Жаңалықтар
0