Оқиға

Атырау мұнай зауытында Қытай азаматтары күзетшілермен төбелесіп қалды

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмысшыларды мерзімінен бұрын зауыт аумағынан шығармай қойып, арты жанжалға ұласқан

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. "Sinopec Engineering" компаниясының шетелдік жұмысшылары мен Атырау мұнай өңдеу зауытына қызмет көрсетуші күзет фирмасының қызметкерлері 27 ақпан күні жаппай төбелесіп қалды, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Жанармай бекеті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бозымбаев еліміз қашан 90% бензинмен қамтамасыз етілетінін айтты

Болған оқиғаны өңірдің ІІД басылымнан жазбаша сауал жіберуді сұрап, айтпай қойған. 

"Оқиғаны полиция бақылап отыр", — деп түсіндірді облыстың ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Төбелеске алты Қытай азаматы қатысқан екен. Жұмыс күні бітерде оларды зауыт аумағынан бекітілген мерзімнен бұрын шығармай қойып, арты жанжалға ұласыпты.

"Sinopec Engineering" — "АМӨЗ жөндеу және жаңғырту" жобасы бойынша басты мердігерлік ұйым.


Жаңалықтар
0