Экономика

Бозымбаев еліміз қашан 90% бензинмен қамтамасыз етілетінін айтты

© AP Photo / Paul SakumaЖанармай бекеті
Жанармай бекеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда соңғы жылдары бензин мен әуе отыны тапшылығы байқалады

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздің ішкі нарығын бензин және соляркамен 90%-ға қамтамасыз етуге уәде берді.  

"Ішкі нарықтың биыл қаматамыз етілуі бензин бойынша 90%, дизель отыны бойынша 90%, авиакеросин бойынша 70%, мазут бойынша 100%-ды құрайтын болады", — деді Бозымбаев жұма күні ведомство коллегиясында. 

Бұдан бұрын энергетика министрлігі Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылған соң, ішкі нарық мұнай тауарларымен толық қамтамасыз етіледі деп уәде берген еді. Алайда кейін Бозымбаев Шымкентте МӨЗ жөндеу жұмыстары келесі жылдың ортасында аяқталатындықтан, 2018 жылдың бірінші жартысында Ресейден әкелінетін жанармайға тәуелді боламыз деп ескерткен болатын.

Жанармай бекеті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Министр Қазақстанда бензин тапшылығы қашан болуы мүмкін екенін айтты

"Елімізде былтырғы жылы мұнай өңдеу көлемі 14,9 миллион тоннаға жетті. 2017 жылдың айтулы оқиғалары Павлодар және Атырау қалаларындағы екі мұнай өңдеу зауытын жөндеу және жаңғырту жұмыстарының аяқталуы болды, 2018 жылы Шымкент МӨЗ-ның жөндеу жұмыстары аяқталады, бұл биылғы жылдың екінші жартысында", — деп еске салды энергетика министрі.

"Жаңартылған мұнай өңдеу зауыттары толығымен іске қосылғанда, яғни 2018 жылдың екінші жартысында еліміздің ішкі нарығы отандық мұнай тауарларымен қамтамасыз етіледі, бензин, дизель отыны мен авиакеросин бойынша шетелдік импортқа тәуелділіктен арыламыз", — дейді ведомство басшысы.

Жаңалықтар
0