Оқиға

Петропавлда ірі ойын-сауық кешені өртеніп жатыр

© Photo : распространяемое в соцсетяхӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт бір жарым сағат бұрын басталған, зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жоқ

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Петропавлда "Кристалл" ірі ойын-сауық кешені өртеніп жатыр.

Петропавлда өртенген үй - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда өрт кезінде анасы егіз балаларымен қаза тапты

Кешенде үлкен банкет залы, бильярд, сауна орналасқан, жуырда мейрамхана ашылды. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан видео мен сурет жариялауда. 

СҚО төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы ақпаратты растап отыр. Олардың мәліметіне сүйенсек, түнгі клуб кешкі алтылар шамасында өртене бастаған. Болжам бойынша, жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыды. 

"Оқиға орнына өрт бөлімінің барлық бөлімшесі жөнелтілді. Өртке қауіптіліктің үшінші деңгейі беріліп отыр", — деді ТЖД-дан. 

Төтенше жағдайдың мән-жайы мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Жаңалықтар
0