Өңірлер

Петропавлда өрт кезінде анасы егіз балаларымен қаза тапты

© Photo : ДЧС Северо-Казахстанской областиПетропавлда өртенген үй
Петропавлда өртенген үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам балаларымен өрт кезінде тұншығып қалған

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Петропавлда жеке үйде өрт шығып, салдарынан анасы егіз балаларымен қаза тапты, деп хабарлады "СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары" басшысының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Николай Белоусов брифингте.

Тұрғын үйдегі өрт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды тұрғыны өрт кезінде екі баланы балконнан тастап жіберді

"Бүгін түнде Петропавлда қайғылы оқиға болды. Сағат 00.09 кезінде өрт сөндіру қызметіне Украинская, 177 мекенжайы бойынша жеке үйден өрт шыққаны туралы хабар келген, үйде балалар бар екен, ешкім де оларды алып шыға алмапты. Диспетчерлер оқиға орнына екі өрт сөндіру жасағын аттандыруға шешім қабылдады", — деп мәлімет берді Белоусов. 

Өртке оранып, қалың түтін басқан үйде 20 минут бойы іздеу жұмыстары жүргізіліп, 1977 жылы туған әйел адам мен 2013 жылы туған екі баласы – ер бала мен қыз бала табылды.

"Жедел жәрдем үшеуінің де көз жұмғанын хабарлады. Неден қаза болғаны сараптама барысында анықталады, бірақ бастапқы болжамға сәйкес түтінге тұншығып қалған сыңайлы", — деп мәлімет берді ТЖД өкілі.

Өрт 1 сағат 23 минутта сөндіріліп, 25 шаршы метрді қамтыған. Бастапқы себебі – электр желісінің қысқа тұйықталуы.

Жаңалықтар
0