Қоғам

Исекешев Астананы көк түтіннен қалай арылтатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновАстанадағы түтін
Астанадағы түтін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада әкім Әсет Исекешевтің халықпен есептік кездесуі өтіп жатыр

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Астананы жиі тұмшалайтын көк түтіннен арылу мақсатында халықаралық ұйымдармен жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бәйтерек қайда?! Қазақстандықтар көк түтін мен қақаған аязды әзілге айналдырды
"Соңғы жылдары көк түтінге қатысты мәселе жиі туындайды. Сондықтан біз халықаралық ұйымдармен, БҰҰ, Дүниежүзілік банкпен, барлық сарапшы және экология қауымдастығымен бірлесіп комиссия құрдық. Атқарушы комитет жұмысқа кірісіп кетті. Біз екі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі – көмірден бас тартып, одан да таза отынды немесе таза көмірді пайдалануды жоспарлап отырмыз. Сондықтан біз үлкен талдау жүргізіп, ұзақ мерзімді стратегия дайындай бастадық. Екінші құжат – экологияны жақсартуға қатысты үш жылдық кешенді жоспар. Оған сәйкес ауаға жиі таралатын зиянды қалдықтар бойынша тиісті шаралар қабылданады. Негізінен қала көліктерден, ЖЭО мен жеке секторды жылыту әсерінен ластанады. Біз қазір сарапшылармен бірге шет елдердің тәжірибесін зерделеп жатырмыз және заңнамалық деңгейде шаралар әзірлемекпіз.  Энергетика министрлігімен осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде", — деді ол. 

Исекешевтің айтуынша, қалада коммуналдық кәсіпорындардың 850 автокөлігі газға көшірілді. Сонымен қатар, елорда жолдарында 158 экотакси, газ баллоны орнатылған 400 мыңнан астам көлік жүреді.

Жаңалықтар
0