Қоғам

Бәйтерек қайда?! Қазақстандықтар көк түтін мен қақаған аязды әзілге айналдырды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әзіл-қалжыңға толы видео мен фотосуреттер әлеуметтік желілер арқылы халық арасында кең таралуда

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Астанада дүйсенбі күні синоптиктер болжаған қақаған аяз қаһарына мінді. Сынап бағанасы минус 35-тен жоғарыламай тұрғанына қарамастан, интернет қолданушылар елорданың қысы туралы неше түрлі әзіл-оспақ видеолар түсіруде.

Еightshift атты қолданушы қиялға беріліп, Астанадағы қазіргі ахуалды канадалық қорқынышты фильмнің сюжетімен салыстырыпты. Монтаждалған роликтегі басты кейіпкер көк түтін салдарынан елорданың басты символы – Бәйтеректі таба алмай жүр.

Әртіс Әнуар Нұрпейісов елорданың қақаған аязына арнап ән шығарған.

Кейбір қазақстандықтар Астанаға оңтүстік өңірден келген отандастарымыздың хәлін ойлап алаңдайды. Әзілге толы сондай видеолардың бірінде елордалықтар мұздай суға түсіп мәз болып жатса, "оңтүстіктен келген азамат" көмек сұрап жалбарынуда.

Жалпы, қазақстандықтар елорданың қаһарлы қысына әбден үйреніп алған. Былтыр аялдамада жергілікті қыз-жігіт "Титаниктегі" Джек пен Роуздай қатып қалған болатын.

 

 

Жаңалықтар
0