Экономика

Назарбаев энергетика министрінен сөгісті қайтып алды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев
ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Өткен жылы отын дағдарысына байланысты энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс берілген болатын

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан тәртіптік жазаны қайтарып алды, деп хабарлады  РИА Новости

Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бензин тапшылығының салдары: Назарбаев Бозымбаевқа сөгіс жариялады
"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа берілген тәртіптік жаза қайтып алынды", — деп аталып өткен хабарламада.

Өткен жылдың қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отын дағдарысына, атап айтқанда, АИ-92 бензинінің тапшылығына  байланысты энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын. Ал энергетика вице-министрә Әсет Мағауов қызметінен босатылды.   


Жаңалықтар
0