Қоғам

Сандалған оралман ерлі-зайыптының жылағаннан басқа амалы болмай тұр

CC0 / Bernd Schray / Қарт ер адам, архивтегі фото
Қарт ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сабырғали Сұлтаншәріп пен жұбайына тіркелу ережесін бұзғаны үшін соттың шешімімен Қытайға барып, 1 жылдан кейін қайта оралу міндеттелген

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Қытайдағы қандастарымыз "қысым көріп жатырмыз" деп араша сұрап жатса, Қазақстан полициясы елге оралған азаматтарды қайтадан Қытайға жібермекші. Тіпті, тіркеуінің уақытты өтті деп айыпталған Сабырғали Сұлтаншәріптің жарты жылдай төсек тартып жатқаны да еш кедергі емес сияқты. 2 жыл бұрын көшіп келген отбасының тіркелуіне тағы да сол "сотталмаған" деген анықтама бөгет болған. 31 арна тілшілері жағдайды білу үшін Астанадан 300 шақырым жердегі Күншалған ауылына арнайы барып келген.

Оралман - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Оралман мәртебесінің мерзімі ұзартылмақ
Сабырғали ағаның төсек тартып сал адамдай күн кешіп жатқанына 7 айдан асқан. Бұл ауруды да тіркелемін деп жүріп тауыпты. Виза уақыты бітіп жатқан соң күннің борандығына қарамастан жолға шыққан. Көлігі бұзылған соң аудан орталығына жаяу жетіп алайын деп өлермендік танытып, осындай күйге түсіпті. 1 жарым жыл бойы дедектетіп жүгірткен құжат – "сотталмады" деген анықтама екен.

"Өзіміздің жергілікті ауыл, аудан, аймақ — осы 3 жерден әкелдік. Бізде Қытайда 1 жапырақ қағазды барлық жерден іздемейді ғой. Қыстақтыкі болса да мойындайды. Заңның таңбалы қағазы болса бітті. Ал мына жерде әкеп жатсаң керек қылмайды", — дейді Сабырғали Сұлтаншәріп.

"Сотталмаған" деген анықтаманың жырымен Сабырғали аға тура 1 жыл бұрын арызданған болатын. Сол кезде көші-қон комитетінің өзі "мейлі ауылдық болсын, кез келген анықтама жарамды" деп мәлімдеген еді.

Алайда, әр облыстың өз заңы бар сияқты.

Ақша, пара - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Екібастұзда мекеме қызметкері оралмандар үлесінен миллиондарды иеленген
"Маған облыстың берген нұсқауы сондай. Шыңжаң, Үрімші. Менде ол үш жерден ғана қабылдау керек деп  жазылған", — дейді Ақмола облысы Ерейментау ауданы ІІБ көші-қон қызметінің аға инспекторы Зұлпықар Жұмаділов. 

Сұлтаншәріптің отбасы әрең дегенде Үрімшіден де анықтама алдыртыпты. Алайда, онысы да жарамсыз болып қалған. Президенттің тапсырмасымен талап өзгеріп, енді "сотталмады" деген қағаз керек болмай шығыпты. Алайда, Сабырғали аға мен жұбайына бұл жеңілдік көмектеспейді. Өйткені, екеуіне тіркелу ережесін бұзғаны үшін соттың шешімімен Қытайға барып, 1 жылдан кейін қайта оралу міндеттелген.

Облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері де "олар  заңды бұзды, сот шешімін орындауы керек" деп отыр. Министрлік өкілдері "соттың шешімін аппеляция арқылы қайта қаратуға болады" дейді. Айыптарынан ақталса ғана басқа жолмен шешуге мүмкіндік тумақ.

Ауыл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстанда жүздеген оралман картада жоқ ауылда тұрып жатыр
Ал, сай-сүйегі сырқыраған күйеуін Қытайға қалай апаратынын ойлаған Тарахан апаның жылағаннан басқа амалы жоқ.

"Арманымыз сол — шал жазылса, содан кейін азаматтық алсақ деп отырмыз ғой. Басқа не арман болады? Қолымызда құжат болмаған соң дұрыс доғдырға да көрсете алғамыз жоқ", — дейді оралман Тарахан Сағатбекқызы. 

 Түйткілдің түйнегін шешу — ішкі істер министрлігінің өзіне тірелгендей. Заңгерлер, заңды басқа қырынан қараса оңтайлы шешімін табуға болады деп отыр.

 


Жаңалықтар
0