Өңірлер

Екібастұзда мекеме қызметкері оралмандар үлесінен миллиондарды иеленген

© SputnikАқша, пара
Ақша, пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әшкереленген алаяқ тергеу барысымен келісіп, келтірілген шығындарды өтеді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Екібастұз қаласында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қызметкері Монғолиядан келген оралмандар мен мемлекетті 284 миллион теңгеде алдаған, деп хабарлайды Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы департаменті басқарамасының басшысы Руслан Қубатов.

Қубатовтың берген ақпараты бойынша, Екібастұз ТКШБ 61 жасар маманы Ғабдолла Шорманов 2011 жылдың тамызынан бастап 2016 жылдың тамызына дейін Монғолиядан келген оралмандарға заңсыз негізде жер телімдерін таратқан. Осы ретте арадағы делдалдың көмегімен әрбір берілген жер телімі үшін 200 мың және одан да көп ақы алып отырған. Оның айла-амалынан 31 оралман зардап шеккен. Жалпы көлемі 284 миллион теңге шығын жасалды.

 

"Мемлекеттің меншігіндегі жер телімдерін заңсыз тарату жүйесін Шормановтың өзі ойлап тапқан. Өзінің үйіндегі жеке компьютерінде жер комиссиясы мүшелерінің қолдарына көшірме жасап, қалалық электр желісі, қалалық су арнасы мекемелеріне құжаттарды өз апарып отырған. Бұл ретте Шорманов жер телімдеріне коммуникациялардың тартылуына ықпал еткен. Жер телімдері қалалық бас жоспарға енгенімен, басқа құрылыс нысандарын салу көзделген еді", — деп хабарлады Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаменті басқармасының басшысы Ернар Байқоңыр

Алаяққа қатысты зардап шеккен азаматтардың бірі оның істеген әрекеттерінің заңдылығына қатысты күдік тудырады. Себебі ол өзіне тиесілі құжаттардың түпнұсқасын Шормановтан ала алмайды. 

Ұсталған кезде, бұрынғы шенеунік тергеу барысында өзінің істеген әрекеттерін толығымен мойынына алып, келтірілген шығынды толығымен өтейді. Сот оны екі жыл жеті айға шартты мерзімге бас бостандығынан айырды. 

Заңсыз негізде жер телімдеріне ие болған азаматтар, ол жерлерге үйлер мен басқа да құрылыстарды салып, өздерінің істерін бастамақшы болған. 

" Егер республиканың құрылыс нормаларына сәйкес келіп, адамдардың өміріне қауіп тудырмайтын болса, қазіргі кезде біз бұл жер телімдері мен жылжымайтын мүлікті заңдастыруға көмек беріп жатырмыз. Құрылыс нысандары салынған үш жер телімі толығымен заңдастырылды", —деп атап өтті Ернар Байқоңыр.

Ұлттық бюро мәліметтеріне сәйкес биылғы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 132 қылмыстық іс болса, оның 99 — өндіріспен аяқталып, 91 – сотқа берілді. 

 

Жаңалықтар
0