Оқиға

СІМ Ресейде үш қазақстандықтың қаза болғанын растады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ ғимараты
ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі консульдық-құқықтық көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мәскеу түбінде қаза болған үш адам отандасымыз екенін растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Трассадағы фуралар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ресейде жүк көлігінде жылынбақ болған үш қазақстандықтың мәйіті табылды
Мәскеу облысының  Новоселки ауылында 24 ақпан күні мәйіті табылған 1965, 1968 және 1971 жылғы ер адамдар Қостанай облысының тұрғындары болып шықты. Бәрі – Қазақстан азаматтары.

"Қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы хабар берілді. Қазіргі таңда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі консульдық-құқықтық көмек көрсету, оның ішінде қаза болғандардың мәйітін Қазақстанға жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр", — деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдің Мәскеу облысындағы Новоселки ауылында жүк көлігінің кабинасынан үш адамның мәйіті табылған болатын. Мәскеу облысы бойынша тергеу комитетінің бас тергеу басқармасының мәліметінше, фура Чехов ауданына Қазақстаннан жүк тиеу үшін барған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар газдан уланып қайтыс болған.


Жаңалықтар
0