АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Ресейдің Мәскеу облысындағы Новоселки ауылында жүк көлігінің кабинасынан Қазақстаннан келген үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Мәскеу облысы бойынша тергеу комитетінің бас тергеу басқармасы.
Зорлықпен өлтіру белгілері жоқ мәйіттер 24 ақпан күні таңертең қойма аумағындағы тұраққа қойылған көліктен табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, фура Чехов ауданына Қазақстаннан жүк тиеу үшін барған.
"Фураның кабинасынан газ жанарғысы табылды, олар оны түнде жылыну үшін пайдаланған. Ер адамдар газдан уланып қалса керек, алайда өлімнің нақты себебі сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады", — деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.