АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Шымкентте үш адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Алдын ала ақпарат бойынша, жер үйде 1976 жылғы ер адам, 1983 жылғы әйел және 5 жасар бала уланып қалған.
Оқиға орнына газ шаруашылығының мамандары келді. Олар үйде қолдан жасалған жылу қазандығы орнатылғанын анықтады.
Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді.
Әйелдің күйеуінің айтуынша, ол таңертең үйдегілерге шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте газ жарылыпты.
"Мен қатты жарылыстан оянып кеттім. Ас үйге жүгіріп барсам, әйелім жанып жатыр. Отты қолыммен сөндіре бастадым. Оның бүкіл денесі күйіп қалды. Мен бірден жедел жәрдем шақырдым, олар оны ауруханаға алып кетті", — деді ол.
Әйелден өзге отбасындағы 5 адам да ыстан уланып, ауруханаға жеткізілген.