Қоғам

Қаруланған полицейлер Астанадан шыққан көліктерді тексеріп жатыр

© Sputnik / Еркен СалиховПолиция, архивтегі фото
Полиция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше 1982 жылы туған күдікті Астанадағы тергеу абақтысынан қашып кеткен

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Астанадан шығаберістегі бақылау-өткізу қосындарында ІІМ қаруланған қызметкерлері жеңіл және жүк автокөліктерін, автобустарды тексеріп, жүргізушілер мен жолаушылардың құжаттарын салыстырып қарап жатыр, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында қылмыскер түрмеден қашып кетті
Әрбір машинаны қарауға үш минутқа дейін уақыт кетуде, салдарынан қаладан шығу қиындады, автокөлік кептелісі пайда болды.  

Астанадағы тергеу абақтысынан қашып кеткен Ерасыл  Арғымбаев екі күннен бері іздестірілуде.  

36 жастағы Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка елді мекенінің тұрғыны 25 ақпан күні ғимараттың бір қабатты корпусына жапсарлас орналасқан серуендеу алаңынан қашып кеткен. Бұған дейін ол тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған.   


Жаңалықтар
0