АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Павлодар облысында түрмеде отырған адам қашып кетті, деп хабарлайды қылмыстық-атқарушы жүйе департаментінің өкілі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
2018 жылы 11 ақпанда Павлодар облысындағы АП-162/2 түзету мекемесінде жаза мерзімін өтеп жүрген 1990 жылы туған ер адам қашып кеткен. Ол сол түрмеде жұмыспен қамтылған, еркін жүріп-тұру құқығын пайдаланып, белгісіз бағытта кетіп қалады.
"Қазіргі уақытта сотталған азамат іздестіріліп жатыр. Қосымша мәліметті кейін хабарлаймыз", — делінген хабарламада.