АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Ақмола облысында ауруханада түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат қайтыс болды, бұл дерек бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Атбасар аудандық орталық ауруханасында үшінші ақпан күні ЕЦ 166/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 30 жастағы ер адам қайтыс болды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.
Мәліметке сүйенсек, ер адамның өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір облыстың ІІД тексеру жүргізіп жатыр екен.