Өңірлер

Алматыда бірнеше топ пәтер тонаушы ұсталды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПәтер тонау
Пәтер тонау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пәтер тонаушылар жерлестерімен бірге топтасады екен

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Алматыда "Пәтер" операциясы барысында полиция отызға жуық тонаушыны ұстады, деп хабарлады қаланың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Бішкекте пәтер тонады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды

"Пәтер" жедел-профилактикалық операциясы 20-22 ақпан аралығында жүргізілген.

"Тәжірибе көрсеткендей, тонаушылар жерлестерімен бірігіп топтасып, біреудің пәтеріне түсіп, ұрлық жасайды. Мұндай қылмыстарға таяудағы шетелдің азаматтары көбірек қатысады. Мәселен, жақында Түрксіб ауданында пәтер тонаушылар тобы құрықталды, оның ішінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Өзбекстан азаматы болған", — деп хабарлады Алматы қаласы ІІД қылмыстық полиция басшысының орынбасары Мақсат Әлімов.

Полиция үш күн ішінде 22 пәтер тонау қылмысын әшкерелеп, күдікті ретінде жиырма үш адамды ұстады. Екі ұрлықшылар тобы құрықталған.

Жаңалықтар
0