Әлем

Бішкекте пәтер тонады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПәтер ұрлығы
Пәтер ұрлығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Милиция олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Қырғызстанда пәтер ұрлығымен айналысты деген күдікпен үш адам ұсталды, оның екеуі Қазақстан азаматы, деп хабарлады Бішкек қаласы бас ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.  

Ақша, тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Белгісіз біреулер Шымкенттегі Kaspi Bank филиалын тонады
"Октябрь ауданы ІІБ-ге әйел адам хабарласып, 22 қаңтар күні белгісіз біреулер пәтерінен алтын әшекейлерін, құнды заттары мен 2 мың долларын ұрлап кеткенін айтты.  Жедел іздестіру  шаралары барысында милиция қызметкерлері Қазақстаннан келген ұрылар тобын анықтап, ұстады ", — деп хабарлады милициядағылар. 

Ұсталғандардың екеуі Қазақстан азаматы екені белгілі болды. Күдіктілердің көлігін тексергенде травматикалық тапанша, есікті ашуға арналған түрлі қайқы кілттер және өзге де айғақ заттар табылды.   

Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынды. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.   


Жаңалықтар
0