Оқиға

Белгісіз біреулер Шымкенттегі Kaspi Bank филиалын тонады

CC0 / / Ақша, тапанша
Ақша, тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұрланған ақшаның жалпы сомасы айтылмайды

АСТАНА, 14 окт – Sputnik. Полицейлер Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшесін тонаған қаскөйлерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Kaspi Bank өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында. 

Тонау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Kaspi bank тонаушылар туралы мәлімет берген адамдарға қомақты сыйақы төлейді

Банк 13 қазан күні тоналған.

"Банк қызметкерлері тез арада дабыл тетігін қосып, полиция шақырады. Өкінішке орай, полицейлер келгенше, қылмыскерлер қашып үлгерген. Банкке келушілер мен оның қызметкерлері зардап шеккен жоқ", — делінген хабарламада.

 Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған қаржының көлемі белгісіз.
Қылмыскер туралы қандай да бір ақпарат білетіндер, төмендегі телефон нөміріне банктің қауіпсіздік қызметіне хабарласу сұралады: +7 747 388 29 34. 

Жаңалықтар
0