Өңірлер

Ақтөбе облысында мұнай кен орнында жұмысшы қаза тапты

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам мұнай ұңғымасының сорғышын ауыстыру кезінде қаза тапқан. Бастапқы деректер бойынша, жұмысшылар күкірт сутегімен уланыпты

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Ақтөбе облысында "Жаңажол" мұнай және газ кен орнында бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды "Диапазон" өңірлік сайты.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Қазақмыс" фабрикасында жұмысшы қаза тапты

Сайт дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға "Октябрьскнефть" мұнай және газ шығарушы басқармасының жұмысшылары ұңғымадағы сорғышты ауыстырып жатқан кезде болған. Салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, біреуі әл үстінде жатыр.

"Кен орнында жұмысшылар жұмыс уақыты кезінде сорғышты айырбастап жатқан. Бастапқы мәлімет бойынша, жұмыс барысында су шығып кетіп, соның салдарынан жұмысшылар қабаттық қысымды сақтап тұратын су құрамындағы күкірт сутегімен уланған болса керек", — деп жазады сайт.

1964 жылы туған ер адам ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды. 1978 жылы туған екінші жұмысшыға жедел медициналық көмек көрсетіліп, беті бері қараған.

Құзыретті органдар болған жайтқа байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0