Оқиға

"Қазақмыс" фабрикасында жұмысшы қаза тапты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір арнайы комиссия жұмысшының қазасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Жезқазғанда "Қазақмыс" компаниясының байытушы фабрикасы аумағында 21 ақпан күні жиырма төрт жастағы жұмысшы ажал құшты.

Кенші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеген ер адам қаза тапты

Қайғылы оқиға орталық қоймадан материалдар жеткізу кезінде болған.

"1994 жылы туған жұмысшы станция гаражына кабель оралған барабанды дөңгелетіп апара жатқанда жарақат алды", — деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.

Алғашқы жәрдем көрсетілген соң зардап шегушіні Жезқазған медицина орталығына жеткізіпті. Алайда жас жігіт операциядан кейін көз жұмған.

Болған жайтты тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0