Оқиға

Бестөбе кентіндегі шахтада заңсыз алтын іздеген ер адам қаза тапты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуКенші
Кенші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам шахтаға заңсыз кіріп, тау жынысы опырылғанда мерт болды деген болжам бар

АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында "Западная" шахтасында кен орнына заңсыз кірген ер адам қаза тапты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Кенші - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бестөбеде кеніштен "қара" алтын іздеушінің денесі табылды

Ведомствоның ақпаратынша, алтын өндіру компаниясының шахтасындағы қайғылы оқиға туралы хабар 4 қараша күні кешке түскен. 

Кейінірек Бестөбе кентіндегі "Западная" шахтасында 1963 жылғы ер адамның денесі табылғаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам кен орнына заңсыз кіріп, тау жынысы опырылғанда үйінді астында қаза тапқан. 

Осыған ұқсас жағдай Бестөбе кентінде 24 қарашада да болған еді: "Қазақалтын" ТКК АҚ-ға тиесілі кен орнына заңсыз кірген алтын іздеуші дәл осылай қаза болды.

Жаңалықтар
0