АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Ақмола облысы Бестөбе ауылында кеніштен заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Оқиға 24 қарашада Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" АҚ тиесілі кен орнында болған.
Полиция мәліметінше, "қара" алтын іздеуші 1978 жылы туған. Болжам бойынша, тау жынысы опырылғанда, үйінді астында қаза тапқан. Мәйіт сараптамаға жіберілді.