АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Көкшетауда киви-әмиян арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.
Материал жинау барысында жедел уәкілдер зардап шегуші бірнеше күн бұрын Көкшетауда тұратын жас жігітке ұялы телефонын сатқанын анықтады. Қыз ұялы телефонда сақталған паролдерді өшіруді ұмытып кеткен, қылмыскер оны өз пайдасына пайдаланған.
Қазіргі таңда 22 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Полицейлер ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Полицейлер азаматтардан қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, еш уақытта бөгде адамға пароль, шот нөмірі сияқты құпия ақпараттарды бермеуді сұрайды.
"Ешқашан мессенджерлер арқылы жеке куәліктің, квитанциялар мен шоттың көшірмесін жібермеңіздер. Қандай сылтау айтса да белгісіз біреуге қаржы аударуға болмайды. Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу мекенжайыңыз бойынша ішкі істер органдарына хабар беріңіз", — деп атап өтті құқық қорғаушылар.