Өңірлер

Алматыда 20-дан астам оқушы "өлім топтарына" кірген

© PhotoЖасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-аналардың айтуынша, балалары бұл топтарға байқаусызда кірген

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Алматы қаласы білім беру саласындағы жаңа технологиялар орталығының директоры Андрей Дупик оқушыларды әлеуметтік желідегі "өлім топтарынан" қалай қорғауға болатынын айтты, деп хабарлайды .

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы мектептерінде оқушыларға 17 мың орын жетіспейді

Өңірлік орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ол әлеуметтік желілерде кілт сөздер бойынша үнемі мониторинг жүргізілетінін айтып берді.

"Сондай топтар болса, құрамында кімдер барын анықтауға тырысамыз. Бұл топтарға сілтемені прокуратура мен ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жіберіп, бұғаттаймыз", — дейді Андрей Дупик.

Қорыта айтқанда, былтыр көп таралған алты "өлім тобы" анықталған. Алматыда бұл  топқа қосылғандар саны – 600, бәрі мектеп жасындағы балалар. 

"Қала мектептеріне олардың анкетасын жіберіп, кім екендерін анықтадық. Барлығы 26 адам белгілі болды. Ата-аналары олардың бұл топқа байқаусызда кіргенін айтады", — дейді ол.

Директор атап өткендей, психологтардың көмегімен балалар арасында қосымша жұмыс жүргізіліпті.

Жаңалықтар
0