Өңірлер

Алматы мектептерінде оқушыларға 17 мың орын жетіспейді

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуОқушылар
Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалық білім басқармасы хабарлағандай, орын жетіспеушілігін түбегейлі жою мүмкін емес

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Алматы білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова қала мектептеріндегі орын жетіспеушілігі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

500 теңгелік банкнота - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы өсірілмек

Оның айтуынша, қалада 203 мемлекеттік мектеп пен 49 жеке меншік мектеп бар. Жыл сайын оқушылар саны 10-15 мыңға артып келеді.

"Шын мәнісінде, Алматы бойынша оқушыларға орын жетіспеушілігі бар. Дәлірек айтсақ, 17563 орын жетіспейді", — деді Гүлнар Қожабергенова өңірлік орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.   

Бұл мәселені шешу үшін жаңа мектептер салынып, қазіргі мектептер кеңейтілмек. Бүгін де екі мектеп салынып жатыр: Алатау ауданында 600 орындық мектеп пен Наурызбай ауданында – 1200 орындық. Төрт мектеп кеңейтіліп 1200 орынға жеткізілмек, ал Медеу ауданында – 1000 орынға. 

Соған қарамастан Қожабергенованың айтуынша орын жетіспеушілігін жуық арада толығымен жою мүмкін емес.

Жаңалықтар
0