Қоғам

Астананың сол жағалауы қоршалды: жол шетінде жатқан сөмке күдік туғызған

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҚызметтік ит
Қызметтік ит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ІІД жедел басқарма орталығы бейнебақылау камералары арқылы сөмкенің иесін тапты

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Полицейлер Астананың сол жағалауындағы қозғалыстың шектелуіне себеп болған сөмкенің иесін тапты, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігі.

Қоршау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды

Мәңгілік ел мен Достық көшелерінің қиылысында бейсенбі күні таңертең иесіз жатқан сөмке табылды. Автокөлік қозғалысы тоқтатылды. Тексеру барысында сөмкеден құжаттар мен жеке заттар табылған. Полиция сөмкенің иесін іздеуге кіріскен. 

Табылған сөмкенің иесі ІІД жедел басқармасы орталығының бақылау камерасы арқылы анықталды. 

"28 жастағы ер адамның түсіндіруінше, көлігін қойып қайтып келу үшін сөмкені жолдың шетіне тастап кетіпті", — делінген полиция хабарламасында.

Сонымен бірге камералар ер адамның жол жүру ережесін бұзғандығын анықтаған. Сөмкенің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0