Өңірлер

Өскеменде иесіз жатқан сөмке күдік туғызып, бүтін бір көше қоршалды

© SputnikҚоршау
Қоршау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сөмкенің иесі табылған жоқ, қоршау сол күні кешкісін алынып тасталды

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Иесіз жатқан сөмкенің күдік туғызуына байланысты Ұлттық ұлан сарбаздары Өскеменде Красин көшесін қоршауға алды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Жалған терроризм - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана вокзалын "миналаған" ер адам ұсталды

15 ақпанда қала тұрғындары әлеуметтік желіде Красин көшесінің жабылғаны туралы суреттермен бөлісе бастады. Тәртіп сақшылары ахуалды түсіндірген.

"Красин көшесі иесіз жатқан сөмкенің салдарынан жабылды. Оны осы учаскеде патрульде жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталғанша құқық қорғаушылар көшені қоршауға шешім қабылады", — деп хабарлайды қала әкімшілігі.

Кейінірек сөмкеде баланың киім-кешегі бар екені анықталды. Иесі кім екені әлі белгісіз. Кеше кешкісін көшедегі қоршау алынып тасталды.

Жаңалықтар
0